Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Заголовок 1

Алматы қаласы Білім басқармасының "Принтмедиа технологиялар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 2024-2025 оқу жылына педагогтар құрамының бос/уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды:

«Жалпы білім беру» бағыты бойынша, барлығы - 5732 сағат.

Оның ішінде:

Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша - 2220 сағат (мемлекеттік тілде – 1650 сағат, орыс топтарында-570 сағат);

Математика -726 сағат (барлығы орыс тілінде-726 сағат); Физика – 780 сағат (барлығы орыс тілінде -780 сағат); Дене тәрбиесі – 2006 сағат (барлығы-орыс тілінде).

 

«Арнайы пәндер» бойынша, барлығы - 2551 сағат

Оның ішінде:

Жалпы полиграфия, техник-технолог біліктілігі бойынша 1225 сағат (барлығы орыс тілінде – 1225 сағат)

Фотограф – 1326 сағат (мемлекеттік тілде -750 сағат, орыс тілінде-576

сағат.

Педагог лауазымдарының біліктілігіне қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу мерзімі қосымша тағы жарияланады.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Басшының атына өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
  • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының расталған көшірмесі (немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат);
  • денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (санитарлық кітапша);
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;

-Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

  • Бағалау парағы (колледж пәндік циклында толтырылады);
  • біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер, атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады;

Конкурсқа қатысушы колледждің қызметкері болып, оның кадрлар бөлімінде құжаттары болған жағдайда (мысалы, жоғары және немесе/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдарының көшірмесі және т.б.) оларды қайта тапсыру талап етілмейді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (мінездеме және басқаларды) сұратуға құқылы.

 

Ескертпе: Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа кері қайтару үшін негіз болып табылады.

Колледжде жұмыс жасамаған талапкерлер үшін - алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат, санитарлық кітапша (конкурс бойынша өтпеген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде) қолына қайта беріледі.

Құжаттарды  мына  электрондық  мекен-жайға  жіберу  керек: kpt-college@almatybilim.kz мекен-жайы: 050009, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 202, каб.305.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +7(701) 167 8707, +7(702) 790 26 96, +7(727) 394 40 51.