2024 жылдың 17 қазанында «Принтмедиа технологиялары колледжі» КМҚК базасында «Еуропалық тәжірибені колледждің оқу үдерісіне енгізу» тақырыбында қалалық семинар өтті, ол өндірістік оқыту шеберлерінің Германия мен Чехиядағы халықаралық тағылымдамасының қорытындысы бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жаңа білім беру әдістерін енгізу нәтижелерімен бөлісу және ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасында тәжірибе алмасу болды.
Семинар барысында педагогтер баяндама жасап, полиграфия саласында қазіргі заманғы әдістер мен тәжірибелерді енгізудің нәтижелерін бейіндік мамандықтар бойынша шеберлік сабақтар сериясы арқылы ұсынды.
Семинар барысында келесі енгізу нәтижелері көрсетілді:
1) «Копирайтер» біліктілігі бойынша: жасанды интеллект құралдарын пайдалануды үйрететін модуль қосылды, бұл оқушыларға олардың түрлері мен қолдану әдістерін меңгеруге мүмкіндік берді.
2) «Басуға дейінгі процестерінің операторы» біліктілігі бойынша: модуль кескіндерді сызу және қалпына келтіру, сондай-ақ оларды компьютерлік бағдарламалар арқылы векторлық форматқа ауыстыру дағдыларын үйрету үшін жаңартылды.
3) «Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы» біліктілігі бойынша: баспа өнімдерін жөндеу және қалпына келтіру модулі енгізілді, бұл қолданбалы бакалавриат лицензиясын алуға мүмкіндік береді.
4) Литография технологиясын енгізу ерте кәсіби бағдарлау бағдарламасын жаңартуға мүмкіндік берді, бұл бағыт бойынша мектеп оқушыларына арналған «Жазғы лагерь» бағдарламасы әзірленді.
5) Колледжде экологиялық жәшіктерді құру және енгізу студенттерге полиграфиялық қалдықтарды ұйымдастыру және басқару бойынша практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік берді, сонымен қатар экологиялық сананы арттыруға ықпал етті.
6) Қабылдау комиссиясының жұмысына жасанды интеллект құралдарын енгізу талапкерлер санының 4,5% өскенін көрсетті.