Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Принтмедиа технологиялар колледжі директоры

техника ғылымдарының кандидаты

Ахметов Билалдин Алякбарович

Заголовок 1

СТУДЕНТТЕРДІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Педагогикалық кеңес отырысында қаралды және бекітілді
2018 жылғы 28 тамыз №64-хаттама

Принтмедиа технологиялар колледжінің басшылығы әр студенттің жеке тұлғалық дамуын және оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға үлкен мән береді.
       Принтмедиа технологиялар колледжі (бұдан әрі - "Оқу орны") - бір-біріне өзара құрмет көрсетуге негізделген ашық, оң, үйлесімді өмір сүру және жұмыс жасау  ережелері қалыптасқан адамдар қауымдастығы.

Оқу орны студенттерінің Ар-намыс кодексі келесі міндеттемелермен айқындалады:
1.    Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
2.    Қоғамдастықтың әрбір мүшесінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қастерлеуге негізделген дәстүрлерді құрметтеу;
3.    Көп жылдық және бай тарихы бар беделді оқу орындарының бірі АПК студентінің атын жоғары ұстау;
4.    Белсенді және адал ұжым мүшелері болу;
5.    Рухани бай және креативті ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға ұмтылу;
6.    Алған білімдерін іске асыру үшін қажетті нақты базалық білімдер мен практикалық дағдыларға және іскерлікке ие болу;
7.    Жоғары адамгершілік құндылықтарға бағдарлану;
8.    Оқу қызметіне жоғары уәждемені дамыту;
9.    Мінез-құлық ережелері мен нормаларын бұзумен ұштасқан іс-әрекеттерге жол бермеу;
10.    Өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарау;
11.    Олардың қай ұлтқа жататындығы мен діни сеніміне қарамастан барлығына құрметпен қарау;
12.    Өз Отанының патриоты болу;
13.    Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Келесі қағидаттарға негізделеді:

1.    Жариялылық, 
2.    Қол жетімділік, 
3.    Реттілік, 
4.    Объективтілік,
5.    Патриоттық, 
6.    Ұжымның әрбір мүшесінің жауапкершілігі.
Барлық студенттердің Ар – намыс кодексін сақтауы-табысты оқу және колледжде қолайлы және шығармашылық атмосфераны құру үшін қажетті шарт.

Студенттер міндетті:

•    Бір-бірін және оқытушыларды құрметтеу; 
•    Оқытушылар мен әкімшіліктің нұсқауларын орындау; 
•    Мүлікке ұқыпты қарау;
•    Белгіленген киім үлгісінде колледжге келу; 
•    Басқаларына қауіп төндіретін әрекеттерге кедергі жасау; 
•    Сабақтарда және одан тыс жерлерде тәртіпті сақтау.

Студенттерге:

•    Сабаққа кешігу немесе себепсіз қалуға,
•    Колледж аумағында темекі шегуге,
•    Алкоголь ішімдіктерін немесе есірткі заттарын пайдалануға,
•    Сағыз шайнауға,
•    Айналадағыларға қауіп төндіретін заттарды алып жүруге 
•    Нормативтік емес лексиканы қолдануға,
•    Колледж мүлкін бұзуға тыйым салынады.

Студенттер құқылы:

•    Оқу орнының имиджін арттыру бойынша жұмыс жасайтын жұмыс және шығармашылық топтар құру,
•    Оқу орындарында өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу, ұйымдастырушы ретінде де қатысу,
•    Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Оқу орны ұжымының әрбір мүшесі студенттерден Ар-намыс Кодексін сақтауды талап етуге міндетті.
Студенттерге ықпал ету шаралары:

1.    Ауызша ескерту.
2.    Студентпен әңгімелесу.
3.    Куратормен мінез- құлықты талқылау.
4.    Ата-аналарды шақыру.
5.    Оқудан шығару