Кітапхана – әлемдегі ешнәрсемен салыстыруға келмейтін білім көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «Кітапханасыз білім беру процесінің ақпараттық орталығын елестету мүмкін емес».
Кітапхана - колледждің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кітапхана оқытушыларға, білім алушыларға және оқырмандардың басқа да санаттарына ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізеді. Кітапхана өз қызметінде ҚР Үкіметінің шешімдерін, ҚР Білім министрлігі мен мәдениет министрлігінің бұйрықтарын, сондай-ақ кітапхана туралы Ережені басшылыққа алады.
Кітапхананың жалпы ауданы – 108 ш/м, кітап сақтау алаңы – 55 ш/м. бүгінгі таңда кітапхананың кітап қоры 46 444 дана кітапты құрайды. Оқулықтар – 25 813 дана. Көркем кітаптар мен оқу-әдістемелік құрал – 20 631 дана.
Қазіргі уақытта кітапхана келесі санаттағы оқырмандарға қызмет көрсетеді:
Студенттер – 1382
Оқытушылар – 164
Сонымен бірге, біздің колледж басшылығы оқушыларды жаңа кітаптармен және мерзімді басылымдармен қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Жыл сайын кітапхана кітап қорын кеңейтіп, колледж оқытушыларының оқу басылымдары мен әдістемелік құралдарымен толықтырылады.
Сондай-ақ, басшылық сауатты мамандарды шығаруға қамқорлық пен қызығушылық танытады және оқу орнын бітіргеннен кейін жас маманның еңбек қызметіне жеткілікті сауатты және кәсіби дайындалуы үшін барлық шараларды жасайды.
Оқырмандардың қызметтеріне электрондық каталог, деректер базасына қолжетімділік, интернет тегін негізде ұсынылды. Студенттер мен оқытушыларға өз бетінше жұмыс істеу үшін компьютерлер беру және нәтижелерді тасымалдаушыларға сақтау мүмкіндігі. Оқытушылар интерактивті тақтаны өз сабақтарында және ашық кураторлық сағаттарда пайдаланады. Сабақтарда барлық пәндер бойынша электрондық оқулықтар пайдаланылады.
Оқырман құқылы:
Жұмыс кестесі: