Принтмедиа технологиялар колледжінде 2024 жылдың 30 қазанында Алматы қаласы Білім басқармасының Медиажоспарына сәйкес жұмыс берушілер арасында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» және «Жұмыс берушілер күніне» орай «Жаңа трендтегі озық технологияларды полиграфиялық оқу үрдісінде пайдалану» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласының Ірі және орта сериялы полиграфиялық кәсіпорындарының жұмыс берушілері «ДӘУІР» РПБК ЖШС атқарушы директор А. И. Кусаинова, «Технология изображения» ЖШС директоры Е.А. Люц, т.б. Қазақстанның жарнама мамандары қауымдастығының және Қазақстан Республикасының Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар саланың дамуын, үздіксіз өсуін бірлесе отырып бағалап, алдағы болашақта Алматы қаласындағы баспа және полиграфия саласының мамандарына қажетті жаңа міндеттер, білім үрдістер алдағы технологиялар мен құзыреттерді айқындады.
«Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК, дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы және Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым ордасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ШЖҚ РМК өзара түсіністік пен ынтымақтастық бойынша 3-жақты келісімге қол қойылды.