2024 жылдың 6 қарашасында тарих пәні оқытушысы Ахметова Айнур Абдикуловна 6-24 тобының білім алушыларымен «Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
⚜️ Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының материалдық мәдениеті жайлы жан жақты түсінік беру, мәдени даму деңгейі мен ұлттық киім үлгілері, баспанасы және қолданбалы өнер туындылары жөнінде түсінік беру.
⚜️Сабақ жоғары деңгейде өтілді. Білім алушылар толық қамтылып, белсенді түрде қатысып отырды. Жаңа сабақ слайд арқылы түсіндіріліп, тақырыпқа қатысты видеомен толықты. Айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдылары қамтылды.