Алматы қаласы Білім басқармасының "Принтмедиа технологиялар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 2024-2025 оқу жылына педагогтар құрамының бос/уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды:
Оның ішінде:
Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша - 2220 сағат (мемлекеттік тілде – 1650 сағат, орыс топтарында-570 сағат);
Математика -726 сағат (барлығы орыс тілінде-726 сағат); Физика – 780 сағат (барлығы орыс тілінде -780 сағат); Дене тәрбиесі – 2006 сағат (барлығы-орыс тілінде).
Оның ішінде:
Жалпы полиграфия, техник-технолог біліктілігі бойынша – 1225 сағат (барлығы орыс тілінде – 1225 сағат)
Фотограф – 1326 сағат (мемлекеттік тілде -750 сағат, орыс тілінде-576
сағат.
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу мерзімі қосымша тағы жарияланады.
-Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
Конкурсқа қатысушы колледждің қызметкері болып, оның кадрлар бөлімінде құжаттары болған жағдайда (мысалы, жоғары және немесе/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдарының көшірмесі және т.б.) оларды қайта тапсыру талап етілмейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (мінездеме және басқаларды) сұратуға құқылы.
Ескертпе: Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа кері қайтару үшін негіз болып табылады.
Колледжде жұмыс жасамаған талапкерлер үшін - алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат, санитарлық кітапша (конкурс бойынша өтпеген жағдайда 10 жұмыс күні ішінде) қолына қайта беріледі.
Құжаттарды мына электрондық мекен-жайға жіберу керек: kpt-college@almatybilim.kz мекен-жайы: 050009, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 202, каб.305.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +7(701) 167 8707, +7(702) 790 26 96, +7(727) 394 40 51.