ҚАЗАҚ АРУЫ -2019

Бүгінгі қазақ қызы – бұл қайталанбас құбылыс. Бір жағынан ол заманауи үлгіде киініп , шаш қойып,боянып,батыстың бойжеткендеріне ұқсаса, екінші жағынан біздің бұрымдылардың бойындағы нәзіктік,инабаттылық,тәрбиелілік,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете білу –нағыз шығыстың аруына тән қасиеттер. Осы бір тамаша синтез қазақ қызын қашанда бір сатыға жоғарылата түскені анық. «АПК Қазақ аруы» байқауының да басты мақсаты – осы бір даралықты дәріптеп, оны әйел даналығына жалғастыра түсу.Колледжімізде өткізілген сұлулық пен өнер сайысында қыздарымыз ерекше қырларынан көрініп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сайыс қорытындысы бойынша «АПК Қазақ аруы» атағын 1 курс студенті Жолдасбаева Анель иемденсе, басқа аруларымызға  әртүрлі номинация берілді. |




Добавить комментарий