НАУРЫЗ

Наурыз мейрамы шығыс халықтарында өте ертеден атап өтілген. Наурыз — жасару, жаңару, көктем мерекесі.Алматы полиграфия колледжіндегі « Наурыз – 2019» мерекелік іс- шарасы 13 сәуірде кең ауқымды тойланып өтті. Мерекелік іс –шараны  АПК ата-аналары қауымдастығымен бірлесе өте қызықты өткіздік. Жастарды отан сүйгіштікке, қазақтың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға үйретуді басты мақсатқа ала отырып,тақырыбын  Ұлы даланың жеті қыры деп атадық. Қазақ халқының салт –дәстүрін дәріптеу, тарихы мен әдебиетінен мағлұмат беру үшін, келесі тапсырмалар берілді.

1- ауыл « Жеті ата» ауылы – « Операторлар» бөлімі

2- ауыл « Жеті қазына» ауылы – « Түптеуші» бөлімі

3-ауыл « Батырлар» ауылы – « Баспагер» бөлімі

4-ауыл « Хандар» ауылы —  « ППЗ» бөлімі

5-ауыл  « Ақындар» ауылы – «  Ақылы» бөлім

Қойылған талаптар:бөлінген орындарын безендіру, көрме ұйымдастыру, қазақтың салт-дәстүрін көрсету. Мерекелік іс-шарамызға оқу орнының әкімшілігі, еңбек ардагерлеріміз, ресми қонақтар және өнер майталмандары қатысты.Халқымыздыбірлікке шақыратын аталмыш мереке оқу орнымыздың жаңа қырынан ашылуына себепші болды.



Добавить комментарий