ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕБАТ

2019 жылдың 15 ақпан күндері аралығында Қырғыз-Түрік «Манас» Университетінде ұйымдастырылған «Достук Cup» Халықаралық дебат турниріне арнайы шақырту алып қатысқан колледжіміздің студенттері: Муканова Жанар, Серікбай Сымбат төреші ретінде, Еркін Жантас спикер ретінде өнер-білімдерін шыңдап, елеулі жеңіспен оралды. Барлығы екі жүз пікір-таласшы қатысқан сайысқа АПК студенті Еркін Жантас «Үздік спикер» атағын жеңіп алса, қыздарымыз Муканова Жанар жəне Серікбай Сымбат үздік төрешілігі үшін алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар колледж əкімшілігі «Достук Cup» дебаттық турнирін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.



Добавить комментарий