Біз бағындырған белестер

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жыл «Жастар жылы» деп атауында үлкен мән- мағына жатыр.Әсіресе жастар тәрбиесінде олардың санасына әрбір өткізген әңгімелер мен іс-шараларды біз науқандық жұмыс болмаса жақсы жағынан көріну деп есептеуіміз керек.Жас өскелең ұрпақты ұлттық санаға тәрбиелеу үшін қазіргі әрбір ұсақ түйекке қызыға беретін заманда Елбасының Мәңгілік ел иедеясы сияқты көзқарастары мен саналарын бір арнаға түсіріп, мәңгілікке бетбұрыс жасау керек.Осындай бетбұрысты болашақ жастар қолда бар алтынды бағалай отырып колледжімізден бастаса үлкен өмір жолына сабақ алар еді деп ойлаймыз. Осыған байланысты 2019 жыл Алматы полиграфия колледжі үшін және де колледж студенттері үшін өте табысты жыл болып басталуда. Оның бір дәлелі біздің студенттер Облыстық, Республикалық, Халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып жүлделі орындармен марапатталуы. Атап айтсақ:

2019 жылдың 9-10 ақпан күндері аралығында Қырғыз-Түрік «Манас» Университетінде ұйымдастырылған «Достук Cup» Халықаралық дебат турниріне арнайы шақырту алып,қатысқан колледжіміздің студенттері: Муканова Жанар, Серікбай Сымбат төреші ретінде, Еркін Жантас спикер ретінде өнер, білімдерін шыңдап, елеулі жеңіспен оралды.

Аталған пікір-сайыс додасына Қазақстан Республикасынан маңдай алды жоғарғы оқу орындары- Назарбаев университеті, Гумилев атындағы Еуразия университеті, Қарағанды политехникалық университеті, Сулеймен Демирель атындағы университеті, КазҰУ, Шымкент қаласынан М.Әуезов атындағы университеті, ҚазҰАУ, Алмты энергетикалық университеті, Тұран университеті, Алматы технологиялық университеттерімен бірге Алматы полиграфия колледжі студенттерінің қатысуы біздің студент жастарымызға ерекше серпін берді. Қырғыстан Республикасы тарапынан жүзден аса алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарынан спикерлер мен төрешілер қатысты. Барлығы екі жүз пікір- таласшы қатысқан сайысқа АПК студенті Еркін Жантас «Үздік спикер» атағын жеңіп алса, қыздарымыз Муканова Жанар және Серікбай Сымбат үздік төрешілігі үшін алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар колледж әкімшілігі «Достук Cup» дебаттық турнирін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

Келесі жемісті жеңісіміз 9-10 ақпан күндері аралығында өткен «Сырым бар жүрегімде…» атты Республикалық көркем сөз , ән-би байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша қатысып,өзіндік ерекше орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық қабілетін үздік деңгейде көрсетіп бірінші курс студенті Абашов Айбол жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Аталған өнер додасына Республикамыздан төрт жүзден аса дарынды жас таланттар қатысты.

Ақпан айының 9-10 күндері Алматы облысы, Үшқоңыр ауылында өткен облыстық дебат турниріне колледжімізден 3фракция қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«АПК –арманым, өзіңмен зор бағым» деп колледж әнұранында айтылғандай жастарымызға жеңісті күндеріңіз көп болғай дегіміз келеді!



Добавить комментарий