28 қарашада Алматы полиграфия колледжінде «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Дауылпаз ақын — ел мақтанышы» атты колледжаралық Махамбет Өтемісұлы оқулары байқауы өткізілді. Байқауға 10 колледжінен 20 студент қатынасып, өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар беріліп, номинациялар бойынша жеңімпаздар мадақтамалармен, дипломдармен марапатталады. Елбасымыздың «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мақаласындағы мақсатты ойларға мазмұндас келген іс -шараның жасөспірімдерге патриоттық, тағылымдық тәрбие беруде оңды нәтиже берді. Ұйымдастыру алқасының шешімімен аталған шараны жылма жыл ұйымдастыруды ұйғарды.



Добавить комментарий