АЛМАТЫ ПОЛИГРАФИЯ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтілді. Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

Шарада колледж бойынша 700 студент пен жалпы 50 оқытушылардан диктант алынды. Диктант нәтижесі орташа. Барлық студенттер мен оқытушылар белсенді түрде атсалысты. Латыннегізді қазақ әліпбиін меңгертуде жүргізілген шараның болашақта барлық халықтың толық меңгеруі заңды.

Алматы Полиграфия колледжі студенттері мен оқытушылары диктантты жүйелі түрде аудиожазба нұсқаны тыңдай отырып, еш кедергісіз жазып шықты.



Добавить комментарий