Алматы полиграфия колледжінде серіктестіктің салмақты тәжірибесі қалыптасты. Колледж мамандар дайындау мен полиграфия өнеркәсіптерімен тәжірибе базалары жөнінде келісім-шарттар жасайды. Колледж бітірушілерді жыл сайын жұмыс орнымен қамтамасыз ететін тұрақты серіктестері бар. Бұлар ірі дамыған кәсіпорындар: «Атамұра» корпорациясы (полиграфкомбинат), Республикалық баспа – «Дәуір» полиграфиялық кешені, «Алейрон» ЖШС. Сондай-ақ, «Полиграфсервис», «Sakura Print», «Жан», «Формат» сияқты өнеркәсіптер және т.б. 130-дан астам типографиялар мен баспалар бізбен тығыз байланыста.
Жылдан жылға әлеуметтік серіктестіктің аясы ұлғаюда, серіктестіктің бағалы тәжірибесі жинақталуда, серіктестік жайлы келісім-шарттар арқылы анықталатын өзара түсінік деңгейі қалыптаса бастады. Біздің колледж дайындаған мамандардың еңбек ету аясы қарапайым аудандық баспаханалардан бастап қазақстандық полиграфия өндірісінің алдыңғы қатарлы баспаханаларына дейін қамтиды. 2002 жылдан колледж Қазақстан полиграфистерінің Ассоциациясына мүше, ал 2010 жылдан—ҚР баспагерлері мен кітаптаратушылары Ассоциациясының мүшесі. Әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста бола отырып, колледж өз жұмысын осы салаға кәсіпорындарда басшылық үшән қосымша қиыншылықтар туғызбай қызмет ететін мамандар дайындайтындай дұрыс жолға қойған.
2014 жылдың қаңтар айында колледжде Алматы кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Кітап баспасы мен кітаптаратушылар Ассоциациясы, Қазақстан полиграфистері Ассоциациясы және Алматы қаласы полиграфия кәсіпорындары басшыларының қатысуымен «Алматы қаласының полиграфия саласында маман дайындаудағы мәселелер» деген тақырыпта дөңгелек стол өткізілді.
Оқушылардың өндірістік тәжірибесі қаланың полиграфиялық кәсіпорындарында, газет және журнал редакцияларында, сондай-ақ баспа және жарнама агенттіктерінде, кітап дүкендерінде өткізіледі.
«Дәуір» РПБК ЖШС — қызмет көрсету саласы – бұл баспа қызметі, полиграфтық қызмет, полиграфтық өнімдерді өндіру және сату, , жарнамалық және ақпараттық қызметтер. ПОЛИГРАФКОМБИНАТ, «Атамұра» Корпорациясы – Алматы Полиграфкомбинаты өз қызметін 1946 жылдың 2 шілдесінен шеберханалар базасында бастады. Жылдар өте кәсіпорын өсіп дамыды, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылды. 1970 жылдан бастап полиграфкомбинат өнімдерінің сан алуандығымен және сапасы жөнінен Қазақ ССР-і полиграфының алдыңғы қатарлы өнеркәсібіне айналды. Полиграфкомбинат көркемдігі жоғары альбомдар, оқулықтар, көркем әдебиет, арнайы басылымдар мен анықтамалар, ашық хаттар, жарамалық тақталар, журналдар, жарнамалық проспектілер, конфет, торт қораптары және т.б. шығарады.Жаңа технологиялы жаңа құрал-жабдықтардың енгізілуі комбинаттың әлемдік сапа стандарттарына сай элиталық баспа өнімдерін шығаруына мүмкіндік әперді.
Алейрон типографиясы 1998 жылы құрылды. «Алейрон» компаниясының типографиясы – бұл тек әралуан баспа өнімдерін басып шығару емес, сондай-ақ кез келген бизнестегі іскерлік сұрақтарды шешудегі жоғары технологиялық мүмкіндіктер. Типография жақсы жолға қойылған инфрақұрылымы мен мықты өндірістік базасын мақтан тұта алады. Кәсіпорынның негізгі мақсаты — тапсырыс берушіге өнімді мүмкіндігінше жылдам өткізіп беру үшін жылдам және сапалы жұмыс істеу. Бұл үшін тапсырыс берушіден тапсырыс қабылдағаннан бастап тапсырысты өткізгенге дейінгі бүкіл өнімнің шығарылуы мен бақылаудың электронды жүйесі жасалған. Өндірісте офсеттік баспаға арналған неміс және жапондық аса жоғары жылдамдықты жаңа құрал-жабдық орнатылған. Өндіріс үрдісінде жұмыс сапасы циклдің барлық кезеңдерінде бақыланып отырады. ӘР өнім ақаулар болуына және түпнұсқа макетке сәйкестікке тексеріледі, тек осыдан кейін ғана өнімді буып- түйіп, тапсырыс берушіге өткізеді. Типографияның тағы бір негізгі міндеті жоғары білікті маман дайындау болып табылады. Типографияларда төменгі біліктілік пен жұмыс тәжірибесінің жоқтығы негізгі мәселе болып қалатыны құпия емес.
Осы міндетті орындау үшін «Алейрон» корпорациясы Алматы полиграфия колледжі сияқты бейіндік оқу орындарымен серіктесіп, колледж оқушыларына тәжірибеден өтуге және одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. «Алейрон» компаниясы полиграфиялық үрдістерді бейіндеу үшін GRETAG MACBETH, VIP FLEX жабдықтары базасында бірегей құрал – жабдықтары бар азғана компаниялардың бірі. Осы технология барлық баспа жүйесінде сканерлер, мониторлар мен принтерлерден бастап офсеттік машиналарға дейін өндірістің барлық кезеңдерінде нақты өздеріне қатысты қызметтерін орындауға мүмкіндік береді. Мәселені осылай шешкенде өнім тап тапсырыс берушінің берген көрнекі өніміндей болып шығады.
Баспагерлер мен кітаптаратушылар Ассоциациясы
Баспагерлер мен кітаптаратушылар Ассоциациясы – бұл коммерциялық емес, тәуелсіз, өзін өзі басқаратын, кітап және кітап-журнал баспаларын және кітаптаратушыларды кәсіпкерлік қызметті жұмылдыру мақсатында ерікті түрде біріктірген ұйым. Ассоциацияда 60-тан астам баспагерлері мен кітаптаратушылары жұмыс жасайды.
Қазақстан Полиграфистері Ассоциациясы
Қызмет көрсету саласы: саланың құқықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және «Атамекен» бірлестігінде саланың мүддесін қорғау. Қазақстан Республикасындағы баспа саласының кәсіпорындарында бизнесті жүргізу, өндірістің жаңа инновациялық әдістерін енгізу және тарату. Халықаралық байланыстар аясын кеңейту, сала үшін мамандар дайындауға қатысу.
Ассоциацияда Қазақстанның 6 аймағынан 18 тұрақты және 2 ассоциацияланған мүшесі бар Алмат полиграфия колледжі және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың полиграфия машиналары факультеті Қазақстан полиграфистері Ассоциациясының ассоциацияланған мүшелері болып табылады.
«Алматы қаласы бойынша полиграфия саласы үшін мамандар дайындаудың мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек стол