ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

Алматы полиграфия колледжінің Қамқоршылық кеңесі 2008 жылы құрылған. Қамқоршылық Кеңесінің негізгі міндеті колледж оқушыларына білім және тәрбие беруді тиімді жағдайын жасу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және тұрмыстарын жақсартуға көмек беру, сонымен қатар:

  • колледждің педагогикалық ұжымына оның жеке тұлға ретінде қабілеттерін, оның шығармашылық, интеллектуалдық және дене мүмкіндіктерін ашу және дамытуға бағытталған шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау;
  • оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру жөніндегі жұмыстарға атсалысу;
  • колледжге сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмектесу;
  • сматериалдық-техникалық базаны нығайтуға, колледждің іші мен сыртқы территориясын абаттандыруға, оқу кабинеттерін жабдықтауға атсалысу;
  • педагогикалық ұжымның жұмыс жағдайын жақсартуға көмектесу;
  • колледжге әр түрлі (интеллектуалдық, құқықтық, мәдени, ақпараттық, құқық қорғау және т.с.) материалдық тұрғыдағы көмек көрсету;
  • колледждің білім беру және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтерін жүзеге асыратын халықаралық байланыстарын дамытуға, ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауға атсалысу.

Қамқорлық Кеңесінің қызметі еріктілік, тең құқықтылық, жариялылық, өзін өзі басқару және заңдылық ұстанымдарына негізделген.

Алматы полиграфия колледжінің Қамқорлық Кеңесі 4 адамнан тұрады: Ермеков Е. С. – Қамқорлық кеңесінің төрағасы Молдабеков М., Сейбекова С, Нургисаева Т. – Қамқорлық Кеңесінің мүшелері.

 Қамқорлық Кеңесінің отырыстары айына бір рет өткізіледі.Бұл отырыстарды топтардағы жұмыстарды қамтитын әр түрлі сұрақтар қаралады: бұл көмекке мұқтаж оқушылар санатына көмек ұйымдастыру, оқушылардың сабақтан тыс бос  уақытын қызықты өткіуін ұйымдастыру, музейлерге бару және  ұмытылмас жерлерге саяхаттар жасау, колледж ветерандарына барып тұру, колледждің материалдық –техникалық  базасын нығайту.