СТУДЕНТТЕРДІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

СТУДЕНТТЕРДІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Педагогикалық кеңес отырысында

қаралды және бекітілді

2018 жылғы 28 тамыз №64-хаттама

          Алматы полиграфия колледжінің басшылығы әр студенттің жеке тұлғалық дамуын және оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға үлкен мән береді.

       Алматы полиграфия колледжі (бұдан әрі — «Оқу орны») — бір-біріне өзара құрмет көрсетуге негізделген ашық, оң, үйлесімді өмір сүру және жұмыс жасау  ережелері қалыптасқан адамдар қауымдастығы.

Оқу орны студенттерінің Ар-намыс кодексі келесі міндеттемелермен айқындалады:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
  2. Қоғамдастықтың әрбір мүшесінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қастерлеуге негізделген дәстүрлерді құрметтеу;
  3. Көп жылдық және бай тарихы бар беделді оқу орындарының бірі АПК студентінің атын жоғары ұстау;
  4. Белсенді және адал ұжым мүшелері болу;
  5. Рухани бай және креативті ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға ұмтылу;
  6. Алған білімдерін іске асыру үшін қажетті нақты базалық білімдер мен практикалық дағдыларға және іскерлікке ие болу;
  7. Жоғары адамгершілік құндылықтарға бағдарлану;
  8. Оқу қызметіне жоғары уәждемені дамыту;
  9. Мінез-құлық ережелері мен нормаларын бұзумен ұштасқан іс-әрекеттерге жол бермеу;
  10. Өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарау;
  11. Олардың қай ұлтқа жататындығы мен діни сеніміне қарамастан барлығына құрметпен қарау;
  12. Өз Отанының патриоты болу;
  13. Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Келесі қағидаттарға негізделеді:

1.    Жариялылық,

2.    Қол жетімділік,

3.    Реттілік,

4.    Объективтілік,

5.    Патриоттық,

6.    Ұжымның әрбір мүшесінің жауапкершілігі.

Барлық студенттердің Ар – намыс кодексін сақтауы-табысты оқу және колледжде қолайлы және шығармашылық атмосфераны құру үшін қажетті шарт.

 
Студенттер міндетті:
  • Бір-бірін және оқытушыларды құрметтеу;
  • Оқытушылар мен әкімшіліктің нұсқауларын орындау;
  • Мүлікке ұқыпты қарау;
  • Белгіленген киім үлгісінде колледжге келу;
  • Басқаларына қауіп төндіретін әрекеттерге кедергі жасау;
  • Сабақтарда және одан тыс жерлерде тәртіпті сақтау.

Студенттерге:

  • Сабаққа кешігу немесе себепсіз қалуға,
  • Колледж аумағында темекі шегуге,
  • Алкоголь ішімдіктерін немесе есірткі заттарын пайдалануға,
  • Сағыз шайнауға,
  • Айналадағыларға қауіп төндіретін заттарды алып жүруге
  • Нормативтік емес лексиканы қолдануға,
  • Колледж мүлкін бұзуға тыйым салынады.
Студенттер құқылы:
  • Оқу орнының имиджін арттыру бойынша жұмыс жасайтын жұмыс және шығармашылық топтар құру,
·           Оқу орындарында өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу, ұйымдастырушы ретінде де қатысу,
  • Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу.

Оқу орны ұжымының әрбір мүшесі студенттерден Ар-намыс Кодексін сақтауды талап етуге міндетті.

Студенттерге ықпал ету шаралары:

1.    Ауызша ескерту.

2.    Студентпен әңгімелесу.

3.    Куратормен мінез- құлықты талқылау.

4.    Ата-аналарды шақыру.

5.    Оқудан шығару