МЕМЛЕКЕТТІК ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК

Колледждің оқу-әдістемелік бірлестігін Сагандыкова Менгүл Нұрлықанқызы басқарады.

2004 жылдан бастап ол мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуші болып табылады.

2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 572 бұйрығымен ҚР БҒМ, ОӘБ: 0402000-«Дизайн» (0402013-«Дизайнер»), 0505000-«Фотоісі», 1227000-«Баспа өндірісі» мамандықтары бойынша колледжге бекітілді.

Колледждің барлық жұмыс берушілері мен әлеуметтік серіктестеріне жоғары білікті, қазіргі заманғы полиграфисттерді даярлау дегеннің не екендігі белгілі.

Бұл ретте дипломы бар маманға қол жеткізу үшін қандай құралдар және қаншалықты төзімділік қажет.

Барлық жұмыс берушілер-полиграфистер Мәскеу полиграфия мектебінің, яғни Мәскеу полиграфиялық институтының түлектері болғандықтан, жаңа мамандар үшін талаптар өте жоғары.

Полиграфия өте белсенді және үздіксіз қарқынмен дамиды. Жақында ғана қолмен терушілер, линотипистер жұмыс істеген, бүгінде міне, олардың орнын «таза» компьютерлік терім алмастырып отыр.

Технологиялар мен техника, жабдықтар даму үстінде, материалдар жетілдірілуде, ал оқу жоспарлары әлі де талай жақсартуды қажет етеді.

2010 жылға дейін Полиграфиялық өндіріс үшін топтастырушы кәсіптері мен мамандықтары «көне»болатын. Қолмен теру және линотипист, ағаш қаріппен кесуші – бұл 21 ғасырдың мамандықтары!

Мамандықтар, кәсіптер мен біліктілік атаулары бойынша өзгертулер мен түзетулер енгізілген болатын, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша барлық мамандықтардың атауы жаңартылды.

2014 жылы ҚР БжҒМ және «СОЦИЕТА ИТАЛИАНА ДИ МОНИТОРАДЖИО СОЦИЕТА ПЕР АЗИОНИ» (Италия) акционерлік қоғамының «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы аясында жұмыс берушілермен бірге бағдарламалар жинағының жобасы (типтік оқу жоспары, білім беру оқу бағдарламасы және арнайы пәндер бойынша Типтік оқу бағдарламалары) әзірленді.

2016 жылы «Корректор», «Полиграфиялық өнеркәсіп жабдықтарын монтаждаушы», «Кесуші» біліктілігі деңгейін арттыру үшін «Кәсіби практика» және «Арнайы технологиялар»бойынша үлгілік оқу бағдарламалары әзірленді.

Армения, Ресей, Әзірбайжан, Бельгия, Қытай, Германия, Түркия, Франция, Удмуртия, Башқұртстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Эстония, Белоруссия және т. б. елдер секілді үздік отандық және шетелдік бірлестіктерінің оқу-әдістемелік жұмыс тәжірибесін зерделеу, жалпылау, енгізу және алмасу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Колледжде полиграфиялық өнеркәсіп кадрларын қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өткізу білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған.

Полиграфиялық білім берудің жаңа перспективалық бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар жүргізілуде.

Ғылыми, әдістемелік жұмыс, полиграфия кадрларын қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өткізу саласында халықаралық ынтымақтастық ұйымдастырылады және жүзеге асырылып жатыр.

Саланың жетекші мамандарын тарта отырып, оқу-әдістемелік материалдарды сынақтан өткізу және сараптау, оқу-әдістемелік және сараптамалық кеңестердің, уақытша ғылыми-зерттеу және шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру жүргізіліп жатыр.