БАСУҒА ДЕЙІНГІ ПРОЦЕСТІҢ ОПЕРАТОРЫ

Полиграфиялық өндіріс

Алматы полиграфия колледжі 02110400-Баспа ісі мамандығы бойынша мамандар даярлайды

Біліктілігі: 3W02110401-Басуға дейінгі процестердің операторы

Даярлық мазмұны:

  • Математикалық, химиялық, физикалық және басқа белгілермен, формулалармен және қысқартылған белгілермен бай мәтін мен қарапайым мәтінді теру және электронды түрде өңдеу;
  • Ерекше графикалық формадағы жазу жүйесімен мәтінді теру және өңдеу;
  • Брайль бойынша кодтау ерекшеліктерін ескере отырып мәтінді теру және өңдеу;
  • Бейне бақылау құрылғыларымен электрондық теру жүйесінің мәтінін теру және түзету кезінде пайдалану;
  • Бұқаралық басылымдарды және газет өнімдерін беттеудің әр түрлі тәсілдерін пайдалану;
  • Полиграфиялық өндірістің бағдарламалық өнімдерін пайдалана отырып, көп бояулы бұқаралық басылымдарды және жарнамалық өнімдерді беттеуді орындау;
  • Полиграфиялық өндіріс өнімдерін жіктеу, оны дайындау технологиясын анықтау
  • Соқыр он саусақты әдісті пайдалана отырып мәтінді теру;
  • Мәтінді беттеу кезінде оңтайлы композициялық шешімдерді табу;
  • Шығыс және Африка жазуында қолданылатын ерекше графикалық формаларды жазу жүйелерінде бейімделу;
  • Әр түрлі қаріптерді, мәтінді кодтау түрлерін пайдалану;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етудің әр қилы, соның ішінде арнайы түрлерін пайдалану.

Оқу мерзімі:

  • Оқыту күндізгі және сырттай мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі;
  • негізгі жалпы білім негізінде (9 сынып) – 2ж.10 ай. (бюджеттік және ақылы бөлімдер);
  • жалпы орта білім негізінде (11 сынып) – 10 ай. (бюджеттік және ақылы бөлімдер);
  • сырттай бөлім-2 ж. 10 ай(ақылы, 11 сынып негізінде).

Түлектерді жұмысқа орналастыру:

  • ҚР Алматы қаласы мен облыстарының баспаханалары және жарнамалық агенттіктері

Практика базалары:

  • «Технология изображения»ЖШС;
  • РПБК «Дәуір»,
  • «Полиграфкомбинат» ЖШС;
  • «Издательство время» ЖШС;
  • «Тәуелсіздіктің ақ таңы»Республикалық қоғамдық-саяси журнал