КОЛЛЕДЖДІҢ ТАРИХЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

Алматы полиграфия колледжі — №28 техникалық училищесі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1977 жылғы 14 сәуірдегі өкімімен ашылды.

1989 жылы полиграфистер училищесіне жұмысшы кадрларды даярлау ісіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді.

Қалалық кәсіби білім басқармасының 15.08.1985 ж. №37 бұйрығына сәйкес 1985 жылы №28 ТУ-і «№5 орта кәсіптік — техникалық училищесі » болып өзгертілді.

ҚР Білім Министрлігінің 27.05.1996 ж. №152 бұйрығына сәйкес №5 орта кәсіптік — техникалық мектеп болып қайта құрылды.»

Алматы қаласы Әкімдігінің 2002 жылғы 17 мамырдағы №63 қаулысымен №5 КТМ «№5 Кәсіптік мектеп»  болып өзгертілді.

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 тамыздағы №3/544 қаулысымен №5 КМ-і ММ «№5 кәсіптік лицейі » болып өзгертілді.

Алматы қаласы әкімдігінің 18.02.2013 ж. №1/116 қаулысына сәйкес ММ №5 КЛ Алматы қаласы білім басқармасының МКҚК «Алматы полиграфия колледжі» болып қайта құрылды.

1995 жылы №5 КТУ жаңа мамандық — » Компьютерлік теру- техникасының операторы»бойынша жұмысшыларды даярлауға көшті.

2000 жылдан бастап №5 КТУ-да «Корректор» біліктілігі «Баспа өндірісі» мамандығы бойынша мемлекеттік тілде дайындық жүргізіледі.

2002 жылдың қазан айында №5 КЛ Қазақстан полиграфистер қауымдастығына қабылданды.

2003 жылы лицей отандық полиграфия жобасына белсенді қатысқаны және саланы дамытуға қосқан үлесі үшін дипломмен марапатталды.

2014 жылдан бастап «Түптеуші» мамандығы бойынша 50 оқушы дуальды оқыту бойынша (мерзімі 10 ай), РПБК»ДӘУІР» 26 оқушы және «ПОЛИГРАФКОМБИНАТ»ЖШС 24 оқушы оқыды.

* 2016 жылдың сәуір айында Шымкент қаласындағы «Әлем-принт» ЖШС баспахана базасында Оңтүстік өкілдігі ашылды;

* * 2016 жылдың 14 қыркүйек айында Қарағанды қаласының «Форма-плюс» ЖШС баспахана базасында Орталық өкілдігі ашылды;

2016 жылдың 23 қыркүйек айында Ақтөбе қаласында «Ақжар-АБК» ЖШС баспахана базасында Батыс өкілдігі ашылды ;

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы» 23.09.2016ж. №572 бұйрығы бойынша.

Колледждің мақсаты: Қазақстанның полиграфиялық саласының ұйымдары мен кәсіпорындарына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған сапа стандарттарына сәйкес білім беру қызметтерін ұсыну дайындығы мен қабілеті.

Колледж миссиясы:

«Адамзаттың рухани құндылықтарын сақтау және көбейту, алдыңғы қатарлы білім мен ақпаратты алу және тарату, оқу даярлығын мүдделі мекемелермен және өндіріспен халықаралық білім беру процесіне біріктіру негізінде баспа-полиграфия саласының мамандарын озық даярлау».

Колледждің негізгі стратегиялық мақсаты – халықаралық білім беру процесіне ықпалдасу болып табылады.

Білім беру саясаты

Білім беру процесін қазіргі заманғы ғылыми, әдістемелік, ақпараттық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету негізінде Қазақстан Республикасының инновациялық дамуы жағдайында кәсіптік қызметке уәжделген еңбек нарығымен талап етілген жаңа ұрпақтың білікті полиграфиялық кадрларын даярлау үшін жағдайлар жасау.