Шетелдік серіктестер

Ресей

Алматы полиграфия колледжінің директоры Б. А. Ахметов Иван Федоров атындағы Мәскеу мемлекеттік баспа университетінің ректоры К. В. Антиповпен кездесу үшін Мәскеуге барды. Осы кездесудің нәтижесінде Иван Федоров атындағы Мәскеу мемлекеттік баспа университетімен бюджеттік негізде колледжден кейінгі білім беруді жалғастыру және педагогикалық қызмет саласында екі жақты тәжірибе алмасу туралы келісімге қол қойылды. Иван Федоров атындағы Мәскеу мемлекеттік баспа университетіне  түсу емтихандары Алматы полиграфия колледжінің базасында өткізіледі.

 

 Франция

Тәжірибе алмасу мақсатында колледж директоры Ахметов Б. А. Францияның Париждегі GLAUDE GARAMONT графикалық өнер колледжіне барды. CLAUDE GARAMOND графикалық өнер колледжімен студенттер және оқытушыларды оқыту, бірлескен қызмет және педагогикалық қызмет саласында екі жақты тәжірибе алмасу туралы шартқа қол қойылды.