ЖАТАҚХАНА

         АЛМАТЫ ПОЛИГРАФИЯ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАТАХАНАСЫ

Алматы полиграфия колледжінің оқушылар жатақханасы 2013 жылы күрделі жөндеуден өтті. Жатақхана 420 орынға арналған. 4 қабатты жатақхананың әр қабатында 8 секциядан бар. Стандартқа сай  секцияда 4 бөлмеден, 2 бөлме 3 орындық, 2 бөлме 4 орынға арналған. Секцияда 2 қол жуатын, 1 дәретхана, 1 душ қабылдау кабинасы бар. Әр қабатта ас әзірлейтін бөлме, оның ішінде 2 ас әзірлеуге арналған электр плитка, ас жылытуға арналған микротолқынды пеш, тоңазытқыш, шай қайнататын электротитан бар. Бөлмелердің барлығы толық керекті жаңа жиһаздармен жабдықталған. Әр студентке жаңадан көрпе – төсек берілген. Студенттердің демалып отыратын фойеде теледидар, жұмсақ жиһаз қойылған. Төменгі қабатта кір жууға, үтіктеуге арналған бөлме қарастырылған. Студенттердің денсаулығын қадағалайтын медициналық пункт және бір мезгіл тегін түстік ас беретін асхана жұмыс істейді. Студенттердің оқу, тәрбие және тұрмыстық жағдайлары толық қамтылып қарастырылған. Колледж студенттері әр мерекеге бағдарлама дайындайды. Мерекелер өте көңілді және қызықты өтеді. Барлық оқушылар сайыстарға, пікірталасқа, дөңгелек үстелге, кештерге және сұрақ-жауаптарға белсене қатысады. Олардың денсаулықтарын нығайтуға көмектесетіндей салауатты әдепті қалыптастыру бойынша «Тазалық денсаулық кепілі» баяндама, «Арақ аздырса, темекі тоздырады» тақырыбына пікірталас, «Жеке бас гигинасы» атты дәрігерлермен кездесу жұмыстары ұйымдастырылып, өткізіледі.