Директордың блогі

Алматы  полиграфия колледжінің директоры техника ғылымдарыныңкандидаты     Б.А. Ахметов 

Жалпы ақпарат, білім

Ахметов Билалдин Алякбарұлы 1959 жылы 01 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Бабайқорған ауылында дүниеге келді.

Білімі — жоғары

1976-1981 жж. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институты;

Мамандығы бойынша біліктілік

Инженер-механик;

Мансап

1981-1983 жж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Құрылыс мелиоративтік машиналары» кафедрасында Ассистент,
1983-1986 жж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Құрылыс мелиоративтік машиналары» кафедрасында Аспирант,
1987 ж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, «Құрылыс мелиоративтік машиналары «кафедрасының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, ассистенті.

1991-1992 — «Шарын» қаржы-есеп айырысу орталығы директорының орынбасары;
1992-1995 — «Сунақ» шағын жеке кәсіпорнының директоры;
1995-1997-Қазақстан халықтары Ассамблеясы қорының директоры;
1997-2009-«Алматы-Жиһаз»ЖШС директоры;
06.11.2009 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін — «Алматы полиграфия колледжі»КМҚК директоры;

Колледждің ресми сайтына қош келдіңіз!!!

Алматы полиграфия колледжі Қазақстан Республикасындағы жалғыз оқу орны, ол полиграфия саласы үшін  жоғары білікті мамандарды дайындайды.

Колледжде тәжірибелі оқытушылар ұжымы жұмыс істейді. Оқу сабақтарын өткізу үшін колледждің шеберханалары мен кабинеттері заманауи технологиялық жабдықтармен, мультимедиялық жүйелермен және дербес компьютерлермен жабдықталған. Колледжде Электронды кітапхана жұмыс істейді, біздің колледж студенттері жатақханамен және тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

Оқу баспаханасының базасында мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз етуге арналған дуальді оқыту жүйесі бар. Дуальды оқытудың артықшылығы-түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ету, өйткені оқыту өндіріс сұраныстарына барынша жақын.

Алматы полиграфия колледжі баспа және полиграфия өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттау салалық кластерінің үйлестіру орталығы болып табылады.

Жұмыс берушілер Алматы полиграфия колледжінде мамандар даярлау сапасына үнемі жоғары баға береді. Бұл ірі, дамып келе жатқан кәсіпорындар — «Дәуір» республикалық баспа-полиграфиялық кешені, «Атамұра» корпорациясы, «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы және «Алейрон», «Эдельвейс», «Формат» жеке баспаханалары және басқалары.

Қарапайым аудандық баспаханадан бастап қазақстандық полиграфияның флагмандарына дейін-колледж түлектерінің еңбекке қатысу ауқымы осындай.

ЗАДАТЬ ВОПРОС