"Принтмедиа технологиялар колледжі" КМҚК

Заголовок 1

    Принтмедиа технологиялар колледжі, бұрынғы аталуы «№28 техникалық училище» — Қазақстан Республикасындағы полиграфия саласы үшін мамандар дайындайтын оқу орны.

    №28 техникалық училище Қазақ ССР-інің Министрлер кеңесінің өкімімен 1977 жылы 14 сәуірде ашылған. Оның қабырғасынан қазіргі уақытта Республикамыздың өнеркәсіптерінде, жақын және алыс шетелдерде осы салада жұмыс жасап жатқан  10 мыңнан аса мамандайындалып шықты. Көптеген біздің бітірушілеріміз цехтарды, типографияларды басқарып отыр, өндірістің озық мамандары және өздерінің жеке фирмалары мен өндірістердің иелері болып отыр.

    Ұжымды 30 жылдан аса педагогика ғылымдарының кандидаты Базилов Жумаділда Жұпарбайұлы басқарып келді. Жұмаділда Жұпарбайұлының колледж құрылысына белсенді қолғабысын тигізгені, инженерлік-педагогтық коллективінің жасақталып, тұрақталуына еңбегі сіңгені туралы атап айта кеткен жөн.

    Базилов Ж.Ж. «Қазақ ССР-інің кәсіби техникалық білім беру үздігі»,   «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» Құрметті атақтарымен, «1941-45 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 20 жылдығы» медалімен, «Еңбек Ері» медалімен марапатталған.

Мамандығы полиграфист және жүрек қалауымен педагог бола отырып Базилов Ж.Ж. бар білімі мен тәжірибелік біліктілігін Қазақстан Республикасының кәсіби білім беру саласын дамытуға жұмсап келеді.

    Училищенің құрылу жылдарында оқу ордасының дамуына келелі үлестерін қосқан  республиканың озық тәжірибелі полиграфшыларынан, Мәскеу және Львов полиграфиялық жоғары оқу орындарының бітірушілерінен тұратын инженерлік-педагогтық кадрлардың керемет ұжымы құрылды. Атап айтсқ, Величко Софья Константиновна — директордың оқу-өндірістік істер жөніндегі орынбасары, Ломейко Раиса Андреевна, Ковина Кима Леонидовна — арнайы пәндер оқытушылары. Оқу-өндірістік шеберлері және жабдықтарды реттеуші ретінде Бугаева Галина Тарасовна, Никитин Владимир Демьянович, сондай-ақ, Социалистік Еңбек Ері, линотиптерді реттеуші Умиров Сагат Умирович сияқты өндірістің озық жұмыскерлері, өндіріс үздіктері, коммунистік еңбек екпінділері жіберіліп отырды.

    Сексенінші жылдар кәсіби-техникалық №5 училищенің нағыз кемелденген кезеңі болды. Кеңестер Одағы кәсіби-техникалық училищелер арасында өткен конкурста жеңіске жету, сонымен қатар жалпы кеңестік кәсіби оқу орындарының өндірістік «Ровесник» бірлестігінде еңбек ету №5 КТУ үшін тың мүмкіндіктер ашты, бүкіл одақтың полиграфиялық училищелерімен қарым-қатынас жасаудағы шекаралық та кеңейді Біздің оқушылар, өндірістік оқыту шеберлері, оқытушылар СССР-дің көптеген қалаларында, атап айтсақ,  -  Мәскеу, Ленинград, Киев, Рига, Севастополь, Одесса, Самарканд қалаларында өткен конкурстардың жеңімпаздары. 1989 жылы жұмысшы кадрлар дайындау ісіндегі жоғары көрсеткіштері үшін полиграфистер училищесіне Ленин комсомолы премиясының лауреаты атағы берілді. Училище оқушыларының күнделікті өміріне училищеде өткізіетін сансыз іс-шаралар, конкурстар, байқаулар жан бітіргендей.  Оқушылармен кездесу үшін атақты адамдар, белгілі артистер мен жазушылар, атақты музыкалық топтар шақырылып отырады. Ақын Тұманбай Молдағалиев, әнші Роза Бағланова, киноактер Сағи Әшімов, «Отырар сазы» ансамблі және тағы сондай көптеген кездесулер соның дәлелі.

    90-жылдардың басынан №5 КТУ оқу-әдістемелік үдерісті дамытудың жаңа жолдарын ұдайы  іздестіріп, кәсіби оқытудың мазмұндылығын жаңартуға және жаңа техникалар мен озық технологияларды меңгеруге тырысып отырады. Өз мәнін жоғалтқан қолмен және машинамн теру сияқты мамандықтардың орнына 1995 жылы №5 КТУ жұмысшыларды жаңа «Компьютерлік теру техникаларының операторы» деген мамандыққа дайындауға көшті. Бұл мамандық бойынша қарапайым теру мен беттеуден күрделі теру мен беттеуге, компьютерлік графиканың элементтерін, дизайн мен түсбөлуді меңгеруге үйретуге көшті. Дәстүрлі: баспагер, түптеуші, кітап тауарларын сатушы мамандықтарына дайындаудың мазмұны мен дайындау деңгейі де  өзгерді.  2000 жылдан бастап №5 КТУ-де «Түзетуші» біліктілігі бойынша «Баспа өндірісі» мамандығына дайындау мемлекеттік тілде жүргізіледі.

    Жаңа техника мен озық технологияларға қол жеткізудің мәселелерін шешуге бағытталған қадамдардың бірі 1997 жылы №5 КТУ-мен бүкіләлемдік баспа өндірісі саласында жетекші орын алатын австриялық Гейдельберг фирмасы арасында жасалған келісім болды. Осы келісім арқасында біз жаңашыл технологияларды меңгерген, ең соңғы жабдықтарда жұмыс жасай алатын, еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандықтарды дайындауға мүмкіндік алдық.

    2000 жылдан бастап колледж ұжымы бастапқы кәсіби білім беруге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеп, шығару жұмыстарына белсене кірісті. Біздің оқытушыларымыз төрт бастапқы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттарын, тоғыз оқулық және ОӘК әзірледі. Бұл басылымдардың авторлары кәсіби біліктілік мектебінің оқытушылары Ж.Ж.Базилов, Г.Н.Быкова, Б.Ф.Файзуллина, С.С.Макашевалар.  «Полиграфия өндірісінің жалпы курсының негіздері» оқулығы, авторы  Базилов Ж. Ж., баспа және түптеу үрдістері бойынша практикумдар, авторлары Аманжолова М. А., Костючкова В. А., материалтану мен түстанудан оқу әдістемелері, Мухамедалиева Г. А. басылып шығарылды

    2002 жылы №5 КЛ  Қазақстан полиграфистері Ассоциацисына қабылданды, бұл Республиканың жұмыс берушілері арасында лицейдің үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді. 2003 жылы лицей отандық полиграфия жобасына белсенді қатысқан және полиграфия саласына қосқан зор үлесі үшін дипломмен марапатталды.

    Біз колледжіміздің дәстүрін орнықтырып және дамытуға ерен еңбектері сіңген «Қазақстан Республикасының білім беру үздіктері» - Галинская Л. И., Сиаманди Н.В, Быкова Г. Н., Фролов Ю. М., қалалық «Жыл оқытушысы -1997» конкурсының жеңімпазы Файзуллина Б.Ф., Змейкова Г. Б., Аманжолова М А., Мухамедалиева Г. А., , Костючкова В. А.  сынды ардагерлерімізді мақтан тұтамыз. Ардагерлеріміздің арқасында біздің табыстарымыз бен көрсеткіштеріміз ұлғайды және ұлғая бермек. 

    Қазіргі уақытта Принтмедиа технологиялар колледжі ұжымын техникалық ғылымдар  кандидаты Ахметов Билалдин Алякбарович басқарып отыр. Билалдин Алякбарович ұжымын нарық жағдайында жұмылдыра қызмет істеуге ұйымдастыруда, білім сапасын бағалауда өзіндік жол таба білетін және білім мекемесінің болашағын көре білетін заманауи басшы.

    Ахметов Билалдин Алякбаровичтің тікелей басшылығымен және қатысуымен заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып сабақ өткізуге мүмкіндік беретін колледждің материалдық-техникалық базасы жаңаланды және күшейді. Колледж ғимараты, асхана мен жатақхана күрделі жөндеуден өтті.

    Колледжде тәжірибелі оқытушылар  ұжымы қызмет етеді.  Оқу сабақтарын өткізілетін оқу кабинеттері мен шеберханалар жаңа технологиялық жабдықтармен, мультимедиялық жүйелермен және дербес компьютерлермен қамтамасыз етілген.

Тәжірибе алмасу мақсатында колледж директоры Б.А. Ахметов Францияға іс-сапарында Париждегі GLAUDE GARAMONT графикалық көркемөнер колледжінде болып қайтты. Сонымен қатар И.Федоров атындағы Мәскеу мемлекеттік баспа университетінің директорымен, Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетімен орта техникалықтан соңғы білім беру аясында бюджеттік негізде колледж оқушыларының оқуын жалғастыру жөнінде және педагогтық қызмет беру жүйесінде екі жақты тәжірибе алмасу және серіктестік жөнінде келісім-шартқа қол қойды.